Біз қалай жұмыс істейміз

"Авангард" компаниясының менеджері телефон арқылы немесе Тапсырыс берушіге барар алдында қондырмалы орындардың қалаулы түрі және саны, алаң өлшемдері немесе қолданыстағы трибуналар, нысан ерекшеліктері туралы бастапқы ақпаратты алады.

Спорт нысаны үшін отырғыштар мен трибуналар түрлері бірлесіп таңдап алынады. Негізгі параметрлері келісіледі: өлшемдері мен габариттері, дайындау материалы, түстері. Нысанның жеке ерекшеліктері көрсетіледі.

"Авангард" компаниясының конструкторлары жоспарланған шешімді техникалық нобай түрінде көрсетеді. Негізгі параметрлердің басты есептері жүргізіледі: габариттері, өлшемдері, қондырмалы орындардың нақты саны, құрылымдардың өлшемі мен көлемі.

Тапсырыс беруші дайындалған техникалық нобай мен негізгі есептер негізінде жеке тілектерді ескере отырып, тапсырманы жетілдіру үшін түзетеді немесе ұсынылған шешімді бекітеді.

Авангард компаниясының мамандары өнімнің салмағын, көлемін, құнын, оны жеткізуге және құрастыруға (немесе шеф-монтаж жүргізуге) кеткен шығындарды, дайындау және жеткізу мерзімдерін қамтитын тапсырыстың басты параметрлерінің толық есебін дайындайды.

"Авагард" компаниясының менеджері шарт жобасын дайындайды және Тапсырыс берушінің келісімін алады. Тапсырыс берушімен бірлесіп шарттың басты параметрлері анықталады: дайындау мерзімдері, төлеу тәртібі, өнімді жеткізу түрі мен тәртібі, құрастыру талаптары. Келісілген шатқа тараптар қол қояды.

Жабдықты дайындау және Тапсырыс берушімен келісілген мерзімде жеткізу. Қажет жағдайда толық құрастыру немесе толық немесе қысқартылған түрде шеф-монтаж жүргізу.

Іске асырылған жобаны Тапсырыс берушіге табыстау. Пайдалану барысында туындайтын кез-келген мәселелерді шешу. Кепілдікті жағдайларда "Авангард" компаниясының есебінен, кепілдікті емес жағдайларда тұрақты клиенттің арнайы жеңілдігімен.